09:00, 31 Желтоқсан 2011 | GMT +5
БҚО-да 462 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды
ОРАЛ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 462 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, соның 139-ы - балабақша, 39-ы - «мектеп-балабақша» кешені, 284-і - шағын орталықтар.
2011 жылдың 1 желтоқсанындағы мәліметтер бойынша 1 мен 6 жастағы балаларды мектепке дейінгі орта тәрбиемен балдырғандардың 60 %-ы немесе 26240 бүлдіршін қамтылды, 3 пен 6 жастағы балаларды есептегенде мектепке дейінгі тәрбиемен орта қамту 94,0 %-ды құрайды, жыл қорытындысы бойынша республикада ІІІ орын (2010 жылдың 1 қазанында 59,9 % болған еді).
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес 2011 жылы 4 балабақша құрылысы аяқталса, соның үшеуі Орал қаласында.