БҚО-да 4783 шағын кәсіпорын жұмыс жасайды

ОРАЛ. 5 мамыр. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы 1 мамырға 7020 заңды тұлға тіркелген.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде 6403-інде адам саны елуден кем емес. Нақты жұмыс жасайтын 5399 заңды тұлғаның 4783-і - шағын кәсіпорын.

Заңды тұлғалардың 24,6 пайызы сауда, автомобиль және мотоцикл жөндеу саласында ашылса, 16,1 пайызы - құрылыс, 9,2 пайызы білімнің үлесіне тиеді. Осы үш саланың үлесі барлық тіркелген заңды тұлғалардың 49,9 пайызын құрайды.

Соңғы жаңалықтар