БҚО-да 6,8 млрд. теңгеге республикалық маңызы бар жолдар жөнделуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге биыл 6,8 млрд. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
None
None

«Қазавтожол» ҰК» АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары Ерлан Қажымовтың айтуынша, соның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес 2015 жылы Орал-Тасқала-Саратов бағытындағы күрежолды күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Үш жылға есептелген жоба бойынша 100 шақырым жол қайта салынып, ол қос жолақты қозғалысы бар екінші санатқа ауыстырылады. Оған қоса «Тасқала» шекара бекетінде алты жолақты жол, сонымен қатар техника құралдарын қарау алаңы, ауыр жүкті көліктер тұрағы салынады. Биыл 3 млрд. теңге қаралып, осы қаржыға 17 шақырым жол жоспарға сәйкес жаңғыртылуда.

Сондай-ақ Чапаев-Жалпақтал-Қазталов бағытындағы жолды күрделі жөндеу жұмысына биыл 2 млрд. теңге беріліп, 15 шақырым жол салынуда. Жәнібек-Қазталов жолын жөндеу де басталып, оның 4 шақырымына 500 млн. теңге бөлінді. Басқа да жұмыстар атқарылуда.

Айта кетейік, Оралдан Тасқала арқылы Ресей шекарасын жалғастыратын жол көптен жөнделмегендіктен, әбден тозығы жеткен болатын. «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес бұл жолдың ретке келтірілуі Қазақстан мен Ресей арасындағы алыс-беріс, қарым-қатынасты да жақсарта түседі.

Соңғы жаңалықтар