БҚО-да 615 адам құтқарылды, 8852-сі көшірілді, олардың 150-і балалар - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 17 сәуір. Қазақпарат - ҚР ТЖМ құтқарушы бөлімшелері Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою шараларын жалғастыруда, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
None
None

Апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Ақтөбе және Қостанай облыстарынан қосымша құрамында 35 адам және 8 бірлік техника бар ТЖМ бөлішелері келді.

ТЖМ жедел тобы су тасқынына ұшыраған Зеленое, Ростоша, Бокаушино елді мекендері маңында Деркөл өзенінің арнасын қарап шықты. Тұрғын үйлер судан тазартылуда, Деркөл өзенінің деңгейі төмендеп келеді.

ТЖМ тікұшақтарымен құтқарушылар күшімен Зеленов ауданының Степное ауылындағы мал қыстағынан бір адам көшірілді. Екінші тікұшақ Бесоба, Қарағай, Алғабас ауылдарының 53 адамын көшірді. Оралда 8 тұрғын көшірілді. Бесоба және Қарағай ауылдарына 600 килограмм азық-түлік жеткізілді.

Құтқару жұмыстарының барысында 615 адам құтқарылды, 8852 адам көшірілді, олардың 150-і - балалар.

Төтенше жағдайды жоюға Батыс Қазақстан облысы ТЖД мен ҚР ТЖМ жинақ жасақтарының 258 адамы, 42 қайық, 53 бірлік техникасы, 2 тікұшағы, жергілікті атқару органдары коммуналдық қызметі мен өзара іс-қимыл қызметтерінің 995 адамы және 245 техникасы жұмылдырылуда.

Соңғы жаңалықтар