БҚО-да 9 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде 671-і - өнеркәсіп, 1129-ы - ауыл шаруашылығы, 756-сы - құрылыс пен коммуналдық шаруашылық, 1010-ы - сауда, 333-і - көлік пен байланыс, 751-і - білім беру мен денсаулық сақтау, 1479-ы басқа саланың үлесіне тиеді. 2717 адам уақытша және маусымдық жұмыстарға тартылды. Жұмыс орнының 52 пайызы (4600) ауылдық жердің еншісінде.
Осы кезеңде 11704 адам жұмысқа орналасса, соның 7986-сы жұмыспен қамту орталықтары арқылы орналасты.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес жеке кәсіпкерлікті қолдау бағытында 791 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.
Өндірісте кадр тұрақтандыру мақсатында жұмыссыздар үшін 2156 әлеуметтік жұмыс орны ашылса, 5955 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Биылғы 1 қыркүйекке 2691 адам жұмыссыз есебінде тіркелсе, кедей отбасылар (1537) өткен жылғыдан 431-ге азайды.