20:12, 12 Шілде 2013 | GMT +5
БҚО-да алты жасар бала құдыққа батып кетті
ОРАЛ. 12 шілде. ҚазАқпарат - 11 шілде күні БҚО ауылдарының бірінде өз ауласында ойнап жүрген 6 жасар бала құдыққа құлап, батып кетті.
Анасының түсіндіруінше, бұл мезгілде өзі екі кішкентай баласын ұйықтатып жатқан. Аулаға шыққан кезде құдықтың қақпасы ашық екенін байқаған. Судың бетінде баланың аяқкиімі мен 10 литрлік шелек қалқып жүрген. Көмекке көршілері келіп, баланың денесін құдықтан алып шыққан.