18:23, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
БҚО-да ауылдық жердегі жұмыссыздар саны 12,4 пайызға азайды
ОРАЛ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да биылғы 1 сәуірге жұмыспен қамту органдарына 2706 адам жұмыссыз ретінде тіркелген, бұл өткен жылғы осы кезеңдегіден 0,4 пайызға аз.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның 1535-і ауылдық жерде тұрады, бұл өткен жылғыдан 12,4 пайызға кем. Жұмыссыздардың 58,5 пайызы - әйелдер, олардың саны 4,5 пайызға қысқарып отыр.
Биылғы бірінші тоқсанда 4909 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдірген, бұл өткен жылғыдан 5,9 пайызға артық. 376 адам кәсіби біліктілігін арттыруға жіберілген, бұл 89,9 пайызға көп. 2666 адам қоғамдық жұмыстарға қатысты, бұл 7,3 пайызға артық.