БҚО-да аймақтық үйлестіру кеңесі 53 жобаны мақұлдап үлгерді

ОРАЛ. 3 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының бірінші және үшінші бағыттарына сәйкес аймақтық үйлестіру кеңесі 53 жобаны мақұлдаса, соның 39-ы бойынша демеуқаржы алу жөнінде келісім-шарт жасалды.
None
None

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаевтың төрағалық етуімен өткен үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында аталмыш бағдарламаның бірінші бағыты - «Жаңа бизнес бастамаларын қолдау» бойынша жобалар қаралып, қолдау тапты. Атап айтқанда, «Макушина О.В.» жеке кәсіпкерлігі өз автопаркін жартылай тіркемесі бар МАЗ ауыр жүк көлігімен толықтыруды ойластырып отыр. Бұл ретте бір жұмыс орны ашылады. «Панькин В.В.» ЖК ПАЗ-4234 автобусын алып, қос жұмыс орнын ашпақ. «Артком» ЖШС компьютер, перифериялық құрылғыларды жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырып, екі адамға жұмыс тауып бермек. Осы жобалардың барлығы келісу үшін ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігіне жолданды.

Соңғы жаңалықтар