08:53, 13 Шілде 2013 | GMT +5
БҚО-да азамат соғысынан қалған тағы бір снаряд табылды
ОРАЛ. 13 шілде. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Зеленый ауылында 11 шілде күні жеке кәсіпкерлік аумағында соқамен жер өңдеу барысында азамат соғысынан қалған снаряд табылды.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, басында жарылғышы бар снарядтың ұзындығы 500 мм, диаметрі 122 мм.
Сол күні барлық қауіпсіздік шаралары іске асырылып, снаряд ауылдан 5 шақырым қашықтықта департаменттің «Арлан» арнайы бөлінісі саперлерімен жойылды.