БҚО-да Батыс Алашорда тарихына орай алаштанушы ғалымдар бас қосты

ОРАЛ. 15 шілде. ҚазАқпарат - Сырым ауданында 13 шілде күні қазақтың белгілі қайраткері, дәрігер, ағартушы, Батыс Алашорданың ұйымдастырушылардың бірі Халел Досмұхамедовтің 130,
None
None

Батыс Алашорда үкіметінің 95, Қаратөбе мен Жымпитыда өткен қазақ съездерінің 95 жылдығына арналған «Батыс Алашорда тарихы: кеше, бүгін және ертең» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Жиынға қатысушылар алдында Сырым ауданының әкімі Абат Шыныбеков сөз алып, жылы лебізін білдірді.

Астана қаласынан келген тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбаев - «Алаштың ардақ тұтқан ақиығы», тарих ғылымдарының докторы, профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Талас Омарбеков - «Алаш» атауына жаңа көзқарас», тарих ғылымдарының докторы, Түркістандағы Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің оқытушысы Хазіретәлі Тұрсын - «Халел Досмұхамедовтің Ташкенттегі ғылыми-ағартушылық қызметі», Астанадағы «Назарбаев орталығы» ММ «Мемлекеттілік, қауіпсіздік мәселелері және даму» институтының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Ерлан Сайлаубай «Алашорданың Шығыс және Батыс бөлімдерінің атқарған мемлекеттік қызметтері» деген тақырыпта баяндама жасады. Басқа да алаштанушы ғалымдар пікір алысты.

Конференцияға қатысушылар Сырым музейінің «Алаш үйінде», Батыс Алашорда үкіметінің мүшесі, дәрігер Дәулетшаһ Күсепқалиев қызмет еткен лазаретте, Ж.Досмұхамедовтің ізі қалған тарихи орындарда болды.

Соңғы жаңалықтар