БҚО-да белгілі домбырашы Қ.Жантілеуовті еске алуға арналған шара өтті

ОРАЛ. 11 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Жаңақала ауданында атақты күйші, Қазақстанның халық әртісі Қали Жантілеуовті еске алуға арналған шара өтті.
None
None

Күйшінің туғанына 110 жыл толуына арналған шара зират басына гүл шоқтарын қойып, тағзым етумен басталды. Мұнан кейін, аудандық саз мектебі ғимараты алдына орнатылған Қ.Жантілеуовтің мүсіні салтанатты жағдайда ашылды. Ұрпақтары саналатын шөбересі, көпжасарлық Тілеген Мусин, жаңақалалық жиені Болат Қаденов және шаруа қожалығының басшысы Нәсіпқали Ишанғалиевтің демеушілігімен мүсінші Досқали Мұратов құйған домбырашы мүсіні аудан әкімі Лавр Хайретдиновтің сөзімен ашылды.

Шара күйшінің ұрпақтарымен кездесу, саз мектебі ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Кездесу барысында ұлы күйшімен талай жүздескен ардагерлер Мәжит Жаданов, Нәсіпқали Мақанов және басқалар естеліктер айтты.

Аудан басшысының атап өткеніндей, Қ.Жантілеуовтің мерейтойына арналған шаралар бұдан әрі де жалғасатын болады. Атап айтқанда, жазға қарай жас домбырашылар байқауы ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар