БҚО-да бірінші тоқсанда 27,1 млрд. теңге инвестиция салынды

ОРАЛ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биылғы бірінші тоқсанда облыс экономикасына 27,1 млрд. теңге инвестиция құйылды.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, үш айда инвестицияның басым бөлігі, атап айтқанда, 74,2 пайызы өнеркәсіпке салынды. Сондай-ақ 8,2 пайызы - көлік пен қоймалау, 7,0 пайызы - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, 3,0 пайызы - жылжымайтын мүлікпен жұмыс, 2,1 пайызы - білім беру, 1,5 пайызы сауда саласына бағытталды.

Өңірде инвестициясының көптігі жөнінен Бөрлі (15,7 млрд. теңге), Зеленов (7,0 млрд. теңге) аудандары мен Орал қаласы (3,6 млрд. теңге) алда тұр.

Соңғы жаңалықтар
Референдум