18:45, 19 Сәуір 2011 | GMT +5
БҚО-да бірінші тоқсанда 5,7 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді
ОРАЛ. 19 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бірінші тоқсанда 5,7 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 2,6 пайызға артық. Облыс бойынша ет өндіру (тірілей салмақпен алғанда) - 2,9, сүт - 0,9, жұмыртқа 5,6 пайызға өсті. Негізгі ет өндірушілер Жаңақала (16 пайыз), Ақжайық (14,1%), Зеленов (12,3%), Қазталов (10,2%) аудандары болса, сүт өнімінің көпшілігі Зеленов (20,4%), Теректі (17,3%) және Бөрлінің (14,7%) үлесіне тиеді. Тауық жұмыртқасын өндіруден Орал қаласы (59,5%) мен Зеленов ауданы (25%) алда тұр.
Облыста 1 сәуірдегі мәлімет бойынша 444 мың ірі қара (өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 95,8%), 771,2 мың қой (103,6%), 211,8 мың ешкі (95,9%), 71,7 мың жылқы (111,4%), 3,4 мың түйе (99,5%), 27,8 мың шошқа (95,4%), 942,6 мың құс (98,6%) санаққа іліккен.