БҚО-да биылғы бірінші тоқсанда 3429 адам жұмысқа орналасты
Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның 275-і - өнеркәсіп, 126-сы - ауыл шаруашылығы, 92-сі - құрылыс және коммуналдық шаруашылық, 324-і - сауда, 88-і - көлік пен байланыс, 414-і - білім мен денсаулық сақтау, 838-і экономиканың өзге салаларында ашылып отыр. Жұмыс орнының 697-сі (32,1 пайызы) ауылдық жердің үлесіне тиеді.
Жыл басынан бері 3429 адам, соның ішінде 2589-ы жұмыспен қамту орындары арқылы жұмысқа орналасты, бұл өткен жылғыдан 3,2 пайызға көп. Шағын бизнесте 840 адам еңбек орнын тапты.
Өндірісте кадрларды одан әрі тұрақтандыру үшін жұмыссыздар үшін 835 әлеуметтік жұмыс орны ашылды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2666 адам жіберілді.
Биылғы 1 сәуірге кедей отбасылар саны 1639 болса, өткен жылғы осы уақыттағыдан 1246 жанұяға азайды.