БҚО-да «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша кезекті алты жоба мақұлданды

«Уникс» ЖШС ұн мен дән алу үшін өз айналым қаржысын аталмыш бағдарламаның үшінші бағыты бойынша толықтырмақшы. «АзияТехСтрой» ЖШС металлпластикалық терезе, металл және ағаш бұйымдарын дайындайтын өндіріс базасын жолға қойып, автомобиль жолдарын пайдалану үшін арнайы техника алмақшы. «Евротекстиль» ЖК коммерциялық жылжымайтын мүлікке қол жеткізіп, терезе жабын тігетін цех пен көрме павильон ашпақшы. ТМД елдеріне жүк тасымалдаумен айналысатын «Ислевский Г.А.» ЖК «МАЗ» жүк автокөлігін алмақшы. ӨЗ қаржысын толықтыруды көздеген «КазАрмаПром» ЖШС-ға да қолдау көрсетілді.
Сондай-ақ кеңес отырысында облыста тұңғыш рет өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің инновациялық жобалары мақұлданды, оларға мемлекеттік гранттар берілетін болады. Барлығы 30 млн. теңгеге 9 жоба мақұлданды. Тағы алты жобаны келесі жылы қолдау ұсынылды.