БҚО-да бөлшек тауар айналымы 70,9 млрд. теңгеге жетті

ОРАЛ. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда бөлшек сауда айналымы көлемі 70,9 млрд. теңгеге жетті, бұл өткен жылғыдан 15,1 пайызға артық.
None
None

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде сауда кәсіпорындары 27,3 млрд. теңге, базарлардағы сатушылар мен жеке кәсіпкерлер 43,6 млрд. теңгенің бөлшек саудасын жасады.

Ірі және орта кәсіпорындар 13,2 млрд. теңгенің (18,6%), шағындары - 14,1 млрд. теңгенің (20,0%), жеке кәсіпкерлер -29,2 млрд. теңгенің (41,2%), базарлар 14,4 млрд. теңгенің (20,2%) тауарын өткізді.

Соңғы жаңалықтар