БҚО-да «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес 681 жас маман ауылдарға жолдама алды

ОРАЛ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Биыл батысқазақстандық 681 жас маман «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында ауылға аттанды.
None
None

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соған орай 2011 жылы тұрғын үй сатып алу үшін 428181 мың теңге бюджеттік несие бөлінген. 134 жас маман жеңілдетілген несиені иеленіп, тұрғын үй сатып алып, баспаналы болды. Біржолғы көтермеақы төлеуге бөлінген 94962 мың теңге 681 маманға берілді. Олардың 72 %-ы - ұстаздар, 17 %-ы - денсаулық сақтау саласы өкілдері.

Алдағы жылы да ауылға келген жас мамандарды қолдау шаралары одан әрі жалғасатын болады. Атап айтқанда, 504 маманға біржолғы көтермеақы төлеуге 57083 мың теңге, тұрғын үй сатып алу үшін 252 маманға бюджеттік несие ретінде 611604 мың теңге бөлініп отыр.

Соңғы жаңалықтар