БҚО-да «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес жас мамандарға биыл да қолдау жасалуда
Аудандық экономика және қаржы бөлімінің бастығы Альмира Төлегенованың айтуынша, 2013 жылы республикалық бюджет есебінен 30 маманға тұрғын үйге қол жеткізу үшін 80,491 млн. теңге бюджеттік несие қаралған. Сондай-ақ 60 маманға 7,27 млн. теңге көтермеақы төленбекші.
Қазіргі таңда ЖОО бітірген жас мамандардың ауылдық жерде жұмыс жасауы үшін барлық жағдай жасалуда. Ауылда жасалған жағдай қаладан артық болмаса, кем емес. Аталмыш бағдарламаның шарапатын көргендердің бірі - Теректі аудандық мәдениет үйінде қызмет атқарып жүрген Айбек Дәулетқалиев. «Өз үйім - өлең төсегім!» демекші, баспанаға да ие болып жатырмыз. Жас мамандарға арналған бағдарлама арқылы үш бөлмелі үйге қол жеткіздік. Біз сияқты жастарға зор қолдау көрсетіп жатқан Елбасымызға алғысымыз шексіз» , - дейді жас әнші.