17:54, 08 Ақпан 2011 | GMT +5
БҚО-да Елбасы Жолдауын насихаттауға байланысты үгіт-насихат топтары құрылды
ОРАЛ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Елбасы Жолдауын насихаттауға байланысты үгіт-насихат топтары құрылды.
Осыған орай облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің төрағалық етуімен кеңес өткізіліп, топтар алдында тұрған мақсат-міндеттер айтылды. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Тілекқабыл Имашевтің айтуынша, топ құрамында облыстық басқарма, департамент, мекеме-ұйымдар басшылары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері бар. Топ мүшелері он екі ауданның барлығында болып, шалғай елді мекендерге дейін қамтымақ.
Серік Сүлеймен өңірде 3 сәуірге белгіленген Президенттік сайлауға байланысты тиісті іс-шаралардың да атқарылатынын атап өтті.