13:19, 27 Қыркүйек 2011 | GMT +5
БҚО-да электрлік байланыс кәсіпорындары 3774,7 млн. теңгенің қызметін көрсетті
ОРАЛ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да биылғы сегіз айда электрлік байланыс кәсіпорындары 3774,7 млн. теңгенің қызметін көрсетті, бұл өткен жылғыдан 8,3 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, көрсетілген байланыс қызметінен түскен табыстың 26,7 пайызы жергілікті, 23,0 пайызы қалааралық және халықаралық телефон байланысының үлесіне тиеді.
Биылғы 1 қыркүйекке өңірде тіркелген телефон желілерінің саны 156,0 мың бірлікті құраса, соның 136,9 мыңы тұрғындар үлесінде, бұлар сәйкесінше 6,7 және 6,8 пайызға көп. Сандық жүйеге қосылғандарының саны - 123,1 мың болса, соның 106,6 мыңы тұрғындарда.