БҚО-да ең шалғай аудан Бөкей ордасы мен Орал арасында автобус қатынай бастады

ОРАЛ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - 17 сәуір күні Бөкей ордасы ауданы орталығы Сайқын ауылында Оралмен екі арада қатынайтын жаңа автобустың сапары басталды.
None
None

Облыс орталығынан ең шалғай орналасқан бөкейордалықтардың бұл қуанышына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов ортақтасты. Серік Жамбылұлының атап өткеніндей, алыс аудан-ауылдарға автобус қатынастарының жолға қойылуы - Елбасының халық қамын ойлаған әлеуметтік саясатының нақты бір көрінісі..

«Қазақстан елім» ЖШС-ның директоры Қуан Таушанбаев меншігіндегі жаңа автобустың жүру кестесімен, билет бағасымен таныстырды. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен І топтағы мүгедектерге, 7 жасқа дейінгі балаларға тегін. Ал 7-14 жастағыларға 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Жалпы, «Сайқын-Орал» аралығындағы билет құны 2,5 мың теңге болып белгіленген. Алғашқы рейс тегін. Директор сонымен қатар ішімдікке әуестігі жоқ, техника тілін жақсы білетін, халықпен ортақ тіл табыса алатын бір жүргізушіні 150 мың теңге, ал кондукторды 60 мың теңге айлықпен жұмысқа алатынын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар