11:05, 29 Ақпан 2012 | GMT +5
БҚО-да еңбекақы жөніндегі берешектер 27,9 млн. теңгені құрап отыр
ОРАЛ. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында ірі және орта кәсіпорындардың мерзімі өткен берешектері биылғы 1 ақпанда 2764,9 млн. теңгеге жетті.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде жалақы қарызы 27,9 млн. теңгені құрады.
Биылғы қаңтарда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 43807 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылғыдан 0,2 пайызға артық. Осы салада жұмыс істейтінден саны 1,1 пайызға өсіп, 90557 адамға жетті