БҚО-да ер адам 68 жыл құжатсыз өмір сүрген

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мемлекеттік органдардан қолдау таппағаннан кейін А.Иманғалиев аудан прокуратурасынан құжат алуға көмек сұраған. Содан кейін арнайы комиссия құрылып, Елтай ауылдық округінде ақсақалдардың қатысуымен жиналыс өткізілді. Куәгерлерден жауап алынып, қажетті мұрағат деректері көтерілді. А.Иманғалиевтің болжалды жасын анықтау мақсатында медициналық тексеру жүргізілді. Осыдан кейін аудан прокуратурасы сотқа талап-арыз түсіріп, соның нәтижесінде А.Иманғалиевтің 1947 жылы 15 мамырда дүниеге келгені анықталды.
Сот шешімі негізінде Амангелді Иманғалиев алғаш рет жеке куәлігін алып, сосын зейнетақысын да рәсімдеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын осыған ұқсас екі жағдай Ақжайық ауданында орын алған болатын.