БҚО-да есірткіге елтіген 162 жүргізуші ұсталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері есірткінің заңсыз айналымына қатысты 123 қылмыс тіркеліп, 100 қылмыстық іс қозғалды.
None
None

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 160 келідей түрлі есірткі заттары заңсыз айналымнан алынды. Жедел шаралар нәтижесінде есірткі қылмысын жасаған 60 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылса, соның 45-і - есірткі сатушылар.

Жедел іздестіру шаралары барысында 2 есірткі ұясы, Зеленов, Бөрлі, Теректі, Тасқала аудандары мен Орал қаласы аумағында есірткі өсімдігін заңсыз өсірудің 9 фактісі әшкереленді. Ресейден Қазақстанға мемлекеттік шекара арқылы есірткі алып өтудің бір жағдайы, есірткінің заңсыз айналымынан түскен қаржыны жария етудің екі фактісі анықталды.

«Көкнәр-2014» жедел алдын алу шаралары барысында 1 маусым - 30 қазан аралығында жалпы алаңы 3,7 га есірткі өсімдігінің 3 мыңдай бұтасы жойылды. Сондай-ақ 135,025 кг есірткі заты тәркіленді.

Облыс аумағында есірткіге қатысты 263 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Есірткіге елтіген күйінде 162 жүргізуші ұсталды. 134 жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар