БҚО-да инфляция деңгейі 107,1 пайызды құрады

ОРАЛ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың желтоқсанында 2010 жылғы осы аймен салыстырғанда инфляция деңгейі 107,1 пайызды құрады.
None
None

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 2011 жылы азық-түлік тауарларының бағасы 8 %-ға өсті. Еттің бағасы 21 %-ға, соның ішінде жылқы еті - 18,4 %-ға,  шошқа еті - 17,8 %-ға, қой еті - 29,1 %-ға, сиыр еті   29,8 %-ға  қымбаттады. Макарон өнімдері - 12,3 %-ға, балық және теңіз өнімдері - 14,4 %-ға, кондитер өнімдері  15,4 %-ға көтерілді.

2011 жылы көкөністер мен жемістер бағасы - 7,5 %-ға, соның ішінде сәбіз - 27,3 %-ға, орамжапырак - 26,5 %-ға, қызанақ 20,3 %-ға төмендеді. Картоп 21 %-ға арзандады. Осы кезеңде күріш бағасы - 19,5 %-ға, жұмыртқа - 2,7 %-ға, қант 14,4 %-ға түсті.

Соңғы жаңалықтар