БҚО-да кәсіпорындардың 25,6 пайызына әйелдер басшылық етеді

ОРАЛ. 6 наурыз. ҚазАқпарат - БҚО-да биылғы 1 наурызда 7350 кәсіпорын тіркелсе, осының 5324-і жұмыс жасап тұр. Соның 25,6 пайызына әйелдер басшылық етеді.
None
None

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, әсіресе, жеке меншік кәсіпорындарда басшы әйелдер көбірек (65,3%). Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындарда басшы әйелдер 32,6, шетелдік кәсіпорындарда 2,1 пайызды құрайды.

Жұмыс істейтін заңды тұлғалардың ішінен 4682 кәсіпорын шағын (50 адамға дейін), 563-і  орта (51-250 адам) және 79-ы ірі (250 адамнан аса) болып табылады. Сонымен бірге әйелдер 1162 (24,8%) шағын, 198 (35,2%) орта, 5 (6,3%) ірі шаруашылық нысандарын басқарады.

Экономикалық қызмет түрлеріне қарай басшы әйелдердің қомақты бөлігі білім беру саласында - 25%, сондай-ақ саудада - 17,1%.

Соңғы жаңалықтар