18:54, 19 Қазан 2012 | GMT +5
БҚО-да кеден қызметкерлері аттестациядан өтуге дайындалуда
ОРАЛ. 19 қазан. ҚазАқпарат - БҚО бойынша кедендік бақылау департаменті қызметкерлері кезектен тыс аттестациядан қазан айының аяғында өтпек.
Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, контрабандамен күрес, ішкі қауіпсіздік басқармалары және жедел-кезекші қызметі бөлімінен барлығы 23 қызметкер сынаққа әзірленуде. Қыркүйек айында олар психологиялық тестілеуден өтті. Енді кеденшілер ҚР Заңдарын, кедендік заңдылықтарды қаншалықты білетіндіктерін көрсетіп, нысана көздеу, дене дайындығы және әңгімелесуден сынға түспек.
Аттестациялық комиссия құрамында департамент басшылары, «Нұр Отан» ХДП, «Атамекен» ұлттық-экономикалық палатасы, БАҚ өкілдері, кеден қызметінің ардагерлері бар.