11:56, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
БҚО-да қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары 8472,3 млн. теңгенің қызметін көрсетті
ОРАЛ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары биылғы сегіз айда 8472,3 млн. теңгенің қызметін көрсетті.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғыдан 15,4 пайызға артық. Барлық қызмет көрсету көлемі мемлекеттік емес саланың үлесіне тиеді. Соның ішінде жеке меншік кәсіпорындар 4483,9 млн. теңгенің қызметін (52,9 пайыз) көрсетсе, қалғаны (3988,4 млн. теңге) басқа елдердің заңды тұлғалары мен азаматтарының еншісінде.
Ірі және орта кәсіпорындар 7132,4 млн. теңге (84,2 пайыз), шағындары 226,7 млн. теңге (2,7 пайыз), жеке кәсіпкерлер 1113,2 млн. теңгенің (13,1 пайыз) қызметін көрсетті.