12:39, 26 Ақпан 2012 | GMT +5
БҚО-да қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары бір айда 1227,6 млн. теңгенің қызметін көрсетті
ОРАЛ. 26 ақпан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қаңтарда 1227,6 млн. теңгенің қызметін көрсетті.

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, бұл өткен жылғы осы айдағыдан 19,4 пайызға артық. Барлық қызмет көрсету көлемі мемлекеттік емес сектор үлесіне тиесілі. Қызмет көрсету көлемі жеке меншік кәсіпорындарда 637,2 млн. теңгені (51,9%), басқа елдердің заңды тұлғалары мен азаматтарына тиесілі нысандарда 590,4 млн. теңгені (48,1%) құрады.
Ірі және орта кәсіпорындар 1015,5 млн. теңгенің (82,8%), шағындары - 44,0 млн. теңгенің (3,5%), жеке кәсіпкерлер168,1 млн. теңгенің (13,7%) қызметін көрсетті.