БҚО-да коммуналдық қызметтер үшін қарыз 213,2 млн. теңгені құрап отыр

ОРАЛ. 25 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында коммуналдық қызметтер үшін тұтынушылар қарызы 213,2 млн. теңгені құрап отыр.
None
None

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, соның ішінде тұрғындар берешегі 212,1 млн. теңге болса, осының 194,2 млн. теңгесі - жылу, 5 млн. теңге - электр қуаты, 11 млн. теңге - су, 1,9 млн. теңге - газ үшін қордаланған қарыз.

Жергілікті әкімдіктер коммуналдық кәсіпорындармен бірлесе отырып, қарызды өндіру жұмыстарын ұдайы жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум