11:56, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
БҚО-да қос бірдей құс фабрикасы салынатын болады
ОРАЛ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қос бірдей құс фабрикасы салынатын болады.
Облыс басшысы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, өңір құс етінің 75 пайыздайын сырттан алып отыр. Біреуі 3 мың тонналық, екіншісі 6 мың тонналық екі құс фабрикасы осы олқылықтың орнын толтырмақ. Сол секілді Зеленов ауданы Щапов ауылы маңында көп ұзамай 12 мың басқа арналған шошқа кешені іске қосылады. Бұл кешен үшін 500 бас аналық мал алынбақ. Біраздан бері шешілмей келген Щаповтағы ешкі сүтін өңдеу зауытын қаржыландыру да (400 млн. жуық теңге) оң шешімін тапты.
Өңірде басқа да өндірістік жобаларды іске қосу жалғасатын болады.