14:58, 02 Наурыз 2012 | GMT +5
БҚО-да құқық қорғау органдарынан қашып жүрген 54 қылмыскердің 26-сы рақымшылық актісін қолдануға жатады
ОРАЛ. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта БҚО ішкі істер департаменті тарапынан құқық қорғау органдарынан қашып жүрген 54 қылмыскерді іздестіруде.

Департаменттің криминалдық полиция басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, соның 26-сы рақымшылыққа жатады. Бүгінгі таңда рақымшылық заңына байланысты төрт қылмыскерге қатысты іздестіру ісі қысқартылды.
Аталған акция жарты жыл бойы жалғасады. Осы мерзім ішінде онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін айыпталған немесе іздеуде жүрген адамдар өздеріне қатысты қылмыстық қудалауды қысқарту туралы өтініштерімен құқық қорғау органдарына жүгіне алады.