БҚО-да күшті жел мектептің шатырын жұлып әкетті

ОРАЛ. 2 шілде. ҚазАқпарат - Жаңақала ауданы Мәстексай ауылдық округінде ауа райы кенеттен құбылып, қатты жел тұрып, қызыл дауылға ұласты. Дүлей дауыл С.Меңдешев атындағы орта мектептің шатырын жұлып, ұшырып әкетті.
None
None

Құйынның салдарынан электр және телефон желілері үзілді. Абырой болғанда бас-аяғы 10 минутқа созылған қатты желде адам шығыны болған жоқ.

Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Қайырғали Жаймов бастаған мамандар, ауылдық округ әкімдігі қызметкерлері мен электр монтерлері, ауыл тұрғындары апаттың зардабын жоюды қолға алды. Үзілген электр, телефон желілері жалғанып, мектептің төбе жабдықтары жиналып, шатыр бекіту жұмыстары басталды.

Кеше БҚО төтенше жағдайлар департаменті өңірде шаңды дауыл соғатыны жөнінде ескерту жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар
Референдум