БҚО-да қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің тәрбиелік ықпалы жеткіліксіз болып отыр

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, атап айтқанда, сотталғандар жасаған құқықбұзушылық 2010 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда әлдеқайда өсіп, мың адамға шаққанда 248-ге (2009 жылы - 194) жетті. Жазасын өтеушілер арасында әкімшілік құқықбұзушылық қана емес, олардан есірткі құралдары мен спирттік ішімдіктер секілді тыйым салынған заттар да көп тәркіленуде. Өткен жылы РУ 170/2 мекемесінде 175 заңбұзушылық жасалса, соның 51-і қасақаналыққа жатады. 38 қасақана заңбұзушының 19-ы тарапынан тәртіпсіздік жалғасуда. Осының ішінен 13-і ғана қатаң жағдайға көшірілсе, қалғаны көппен бірге тұрып, айналасындағыларға жағымсыз ықпал етуге мүмкіндік алып отыр.
Алқа мәжілісінде сондай-ақ зейнетақы мен жәрдемақы төлеуде заңдылықтың сақталу мәселесі де қаралды.