БҚО-да машина жасау саласындағы өнім көлемі 2,6 есеге өсті

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, сондай-ақ осы мерзімде 3132,3 млн. теңгенің басқа металл емес минералдық өнімі шығарылды, бұл 1,4 есеге артық. Құрылыс мақсатындағы бетон бұйымдары, тауарлы бетон, құрылыс қоспасы, керамзит өндіру көбейіп отыр.
Жыл басынан бері 33739,2 млн. теңгенің мұнай өнімдері өндірілді, бұл 1,6 есеге көп.
Сегіз айда 337,1 млн. теңгенің тоқыма және тігін бұйымдары өндірілді. Өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, тоқыма бұйымдары 20,1, киім тігу 4,0 пайызға ұлғайды.
Азық-түлік өндірісінде де өсім бар. Мұнда 17370,7 млн. теңгенің өнімі шығарылды, бұл 8,1 пайызға көп.
Облыста бес инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Тағы алтауы алдағы уақытта іске қосылады. Атап айтқанда, «МАЗ автомобилі негізінде бірлескен арнайы автотехника өндіруді ұйымдастыру», «12 мың басқа аарналған шошқа фермасы құрылысы», «Ұннан жасалған кондитер өнімдері», «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылауға қызмет көрсету», «Металл жапқыш, металл сайдингі және профильді өндіру», «Алкогольсыз ішімдікті өндіретін цехты жаңғырту» жүзеге асырылуда.