БҚО-да мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірген қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
ҚР ҚК 176-бабы 3-бөлімі «б, г» тармақтары бойынша (сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе рәсуалау) қылмыстық іс қозғады.
Департаменттің баспасөз қызметінен Ақлима Бүркітбаеваның хабарлағанындай, оған ЖШС бірінің директоры қызметін атқара жүріп (100 % құрылтайшы Орал қаласы әкімдігі), 2009-2010 жылдары аралығында Орал қаласы аумағында әлеуметтік маңызы бар тамақ өнімдерінің бағасын тұрақтандыру үшін бөлінген бюджеттік ақша қаражатын иемденіп, ысырап етті және мемлекетке ірі мөлшерде жалпы сомасы 8,8 млн. теңге залал келтірді деген айып тағылды.
Сол секілді БҚО аудандары бірінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлімі бойынша (сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иемдену немесе рәсуалау) қылмыстық іс қозғалды. Олар «Жол картасы. Әлеуметтік жұмыс орындарын көбейту» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырғандары жөнінде жалған пікір қалыптастыру мақсатында бірнеше ЖШС-мен 35 жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру бойынша қызмет көрсету жөнінде жалған келісімшарттар жасасқан. Іс жүзінде аталған жұмыссыздар жұмысқа орналасу мәселесі бойынша бөлімге өтініш білдірмеген. ММ лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекеті салдарынан мемлекетке ірі мөлшерде жалпы сомасы 2,3 млн. теңге материалдық шығын келтірілген.
Сондай-ақ департамент Г-ға қатысты ҚР ҚК 177-бабы 3-бөлімі «б» тармағы бойынша (алаяқтық) қылмыстық іс қозғады. Оған БҚО аудандары бірінің «Аудандық орталық ауруханасы» МКҚК мемлекеттік сатып алу жөніндегі бухгалтері қызметін атқара жүріп, көрсетілген емдеу мекемесі үшін компьютер және перифериялық қондырғыларға өткізілген мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың жеңімпазы ретінде жеке кәсіпкерді тану туралы шешім қабылдағаны үшін МКҚК директорына ақша беремін деген сылтаумен жалпы сомасы 1,8 млн. теңге ақша қаражатын иемденіп алды деген айып тағылды.
МКҚК бухгалтерінің қылмыстық іс-әрекетінің нәтижесінде жеке кәсіпкерге көрсетілген сомаға материалдық шығын келтірілді.