БҚО-да өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде

ОРАЛ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 20 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде.
None
None

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жыл сайынғы статистика бойынша өрт көбінесе тұрғын үйде орын алады. Мәселен, биылғы сегіз ай ішінде облыста барлығы 446 өрт оқиғасы болса, соның 301-і тұрғын үй секторының үлесіне тиеді. Дәлірек айтқанда, биылғы болған өрт оқиғасының 32-сі көп қабатты үйде, 269-ы жеке тұрғын үйде болған.

Аталмыш айлыққа байланысты Орал қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасы, төтенше жағдайлардың аудандық бөлімдері, «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің өрт сөндірушілері бірігіп, тұрғындар және пәтер иелері кооперативі (ПИК) арасында жаппай түсіндіру жұмысын жүргізуде.

Айлық барысында өрт сөндірушілер тұрғын үйлерді, олардың аулаларын аралап, тұрғындармен әңгімелеседі, өрт қауіпсіздігі туралы жадынама таратады. Тұрақты мекенжайы жоқ тұлғалар шоғырланатын орындарға рейд өткізу жоспарлануда. Жалпы білім беретін орта мектеп оқушылары да назардан тыс қалмайды.

Соңғы жаңалықтар