12:44, 09 Қаңтар 2012 | GMT +5
БҚО-да прокуратураның араласуымен 2,115 млн. теңгенің жалақы қарызы өтелді
ОРАЛ. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Сырым ауданы прокуратурасы мекеме-кәсіпорындарда еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізген кезде «Сырым» МКК-да заңбұзушылықтың орын алғанын анықтады.
Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталмыш мекеме 53 жұмысшыға өткен жылдың қыркүйек және қазан айлары үшін 2,115 млн. теңге жалақысын бермеген. Аудан прокурорының ұйғарымы бойынша жалақы қарызы толықтай өтеліп, 53 адамның конституциялық құқығы қорғалды.