БҚО-да республикалық бюджет есебінен құйылған инвестиция 17,1 пайызға артып отыр

ОРАЛ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы сегіз айда республикалық бюджет есебінен 13977,2 млн. теңге инвестиция қосылған, бұл өткен жылғыдан 17,1 пайызға артық.
None
None

Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде бірқатар әлеуметтік нысандар құрылысы аяқталса, екіншілері бой көтеру үстінде. Атап айтқанда, төрт балабақша, 10 сумен қамту, 4 газдандыру нысаны, Орал қаласына қарасты Зачаган кентінде қосалқы электр стансасы, бір су құбыры, бірнеше тұрғын үй салынуда. Сондай-ақ бірқатар нысандар күрделі жөндеуден өткізілуде.

Тасқын су зардаптарын жою үшін 4 білім, 7 денсаулық сақтау нысаны тұрғызылуда.

Өңірде инвестицияның жалпы көлемі 94734,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылғыдан 35,8 пайызға кем. Бұл негізінен Қарашығанақ кенішін жайландыру мен геологиялық барлау жұмыстарына жұмсалатын шетелдік қаржының (47338,6 млн. теңге) 34,9 пайызға азаюына байланысты болып отыр.

Соңғы жаңалықтар