20:46, 15 Сәуір 2011 | GMT +5
БҚО-да сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ОРАЛ. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен Қайнотолла Қабдинов облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы болып тағайындалды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 15 сәуірде облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов жаңа басшыны басқарма ұжымына таныстырды.
Қ.Қабдинов 1953 жылы дүниеге келген. Саратов политехникалық және Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген.
Еңбек жолын қазіргі Тасқала ауданында бастаған ол құрылыс саласында ұзақ жыл еңбек етті.
1996-2002 жылдары облыстық тұрғын үй құрылысы және сәулет басқармасы бастығының орынбасары болды. 2002-2010 жылдары Орал қаласындағы «СанаМаркет» ЖШС, Атыраудағы «AБE GK» ЖШС, Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы «Маңғыстауқұрылысинвест» мекемесінің директоры қызметін атқарды.