БҚО-да су тасқынынан кейін санитарлық шаралар алынуда

ОРАЛ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да су тасқынынан кейін санитарлық шаралар алынуда.
None
None

БҚО мемсанэпидқадағалау департаментінен түскен мәліметке қарағанда, су тасқынынан зардап шегушілер арасында жұқпалы ауру тіркелмеген. Су сапасы күнбе күн тексерілуде. Ветеринарлық қызметпен бірге мал өлекселері көмілген жерлер қатаң бақылауға алынған.

Мектептерде оқушыларға бе­рі­­­летін тағам мәзіріне ба­са кө­ңіл бөлінуде. Ауруханалардағы, емханалардағы қабылдауға кел­­гендер толық бақылаудан өтуде.

Облыс бойынша су астында 11 нысан қалған. Осылардың ішінде Маштаков ауылындағы медициналық пункт, Достық елді меке­ніндегі дәрігерлік амбулатория, «Ивушка» балалар шипажайы ғимаратының қабыр­ғалары жарылған, жөндеуді қажет етеді.

Су шайған жерлердегі нысандарда тазалық жұмыстары қолға алынды. Облыстық кардиоорталықтың жер­төлесіндегі су сорғызылды.

Барлық эвабекет, соның ішін­де қаладағы бұрынғы №1, 2 балалар ауруханасы ғимараты мен Деркөл және Жастар мәдениет үйлеріндегі орталықтарда кезекті бұқырлау жүргізілді. Бұл жерлерге көшірілгендер саны - 1020 адам. Оның ішінде 5 жасқа дейн 105 бала болса, оның 34-і әлі бір жасқа толмаған.

Орал обаға қарсы күрес стансасы облыс аумағында оба, тырыс­қақ ауруларының ал­дын алу үшін қауіпті деген аймақтарға бақылауды күшейт­кен. Орал қаласының төңі­регіне эпизоотологиялық зерт­­­теу үшін қосымша далалық бір топ ұйымдастырылған. 202 кемі­р­гіш, 178 бүрге, 13 кене тексерілген. Зерттеу нәтижесінде олардан келер қауіп жоқтығы анықталды.

Жаңақалада аудандық обаға қарсы күрес бөлімшесі 2500 кеміргіш, 2668 бүрге, 320 кенені зерттеген.

Қазталов ауданы бойынша Жалпақтал обаға қарсы зертханасы 155 кеміргіш, 80 бүрге, 46 кенені бақылауға алып, тексерген.

Облыстық санэпидқадағалау ұжымдары атынан тасқын судан зардап шегушілер қорына 744,4 мың теңге аударылған.

Соңғы жаңалықтар