15:24, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге тегін заңгерлік қызмет көрсетілуде
ОРАЛ. 22 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы мен облыстық әділет департаменті су тасқынынан зардап шеккен заңды және жеке тұлғаларға тегін заңгерлік кеңес беру жөнінде келісім жасасты.
Осыған орай партияның облыстық, Ақжайық, Зеленов, Қазталов және Тасқала аудандық филиалдарында департамент мамандары адамдарды қабылдауда. Олар зардап шеккендерге құжаттарды жинау, қалпына келтіру үшін қайда бару қажеттігі жөнінде кеңес беруде. БҚО филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Гүлжан Мұхтарованың айтуынша, 22 сәуірге дейін зардап шеккендерден 127 адам хабарласып, өтініш жасаған. Осындай жұмыс аудандарда да жүргізілуде.