18:11, 21 Қыркүйек 2011 | GMT +5
БҚО-да «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 410 млн. теңге несие берілді
ОРАЛ. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында «Сыбаға» бағдарламасы арқылы биыл шаруаларға 410 млн. теңге несие берілді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалының директоры Қайриден Жәкиевтің айтуынша, алғашқы кезде 200 млн. теңге үлестірілген болатын. Кейін орталықтан 210 млн. теңге сұратылып, ол қаржыны да шаруалар игілігіне жаратты. Атап айтқанда, олар бастапқыда 2280 бас асыл тұқымды ірі қара (ішінде аталық мал да бар) алса, кейін қосымша қаржыға тағы 209 бас тегі асыл малды иеленді. Қазіргі кезде биылғы демеуқаржыға барлығы 2489 бас асыл мал өсірілуде.
«Сыбаға» бағдарламасы алдағы жылы да жалғасатын болады.