10:53, 30 Желтоқсан 2011 | GMT +5
БҚО-да тағы бір ауылға «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құбыры тартылды
ОРАЛ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Қазталов ауданының Жұлдыз ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша су құбырын іске қосу салтанаты болды.
Сарыөзеннің бойында орналасқан шағын Жұлдыз ауылында 700-дің үстінде тұрғын халық бар. Олар осы кезге дейін өзеннен суды тасып ішетін еді. Аудан әкімі Табылғали Сапаровпен кездесу жиындарында осы мәселе жыл сайын көтерілетін. Өтіп бара жатқан жылда аудан әкімінің ықпалымен су құбырын тарту нақты іске айналды. Жазғытұрым айынан бастап «Жиенбай» ЖШС (жетекшісі Ахметқали Қарағойшин) осы жұмыспен айналысты. 140 млн. үстінде қаржы жұмсалған бұл жұмыс өзінің мәресіне желтоқсан айында жетті. Ауылдың әр көшесіне су құбырлары тартылып, қазірдің өзінде 20 үйдің ішіне су кіргізілді.