БҚО-да тағы бір басқарманың басшысы өзгерді

ОРАЛ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Марат Ғабделқайырұлы Қуаншалиев Батыс Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 3 шілдеде өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы Ноғаев басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

М.Ғ.Қуаншалиев 1969 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, 1993 жылы Алматы автомобиль жол институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан Республикасының құрметті жолшысы.

1993-1996 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында жұмыс істеді.

1996-1997 жылдарда - «Ақшабақ» ШК балық аулаушылар бригадасының мүшесі.

1998-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызмет жасаған.

1999-2000 жылдарда - «Казавтодор» РМҚК ӨЖБ-3 филиалы ЖПК-2 жол жұмысшысы.

2000 жылы - облыстық автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің бөлім бастығы.

2001-2003 жылдары - облыстық автомобиль жолдары басқармасы бас маманының міндетін атқарушы, бас маманы.

2003-2006 жылдары - Алматы қаласындағы «Каздорпроект» ААҚ инженер-жолшы.

2006-2011 жылдары - Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің, кейін басқармасының бас маманы, бөлім бастығы.

2011-2012 жылдары «Сана Маркет» ЖШС бас маманы.

2012 жылдан осы кезге дейін облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасы бөлім бастығының міндетін атқарушы, бөлім бастығы, басқарма басшысының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар