БҚО-да тасқын астында қалған 3 ауданның елді мекендеріндегі ғимараттар мен тұрғын үйлер судан құрғатылды

АНА. 21 сәуір. ҚазАқпарат - БҚО-да тасқын астында қалған 3 ауданның елді мекендеріндегі ғимараттар мен тұрғын үйлер судан құрғатылды.
None
None

Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.

20 сәуір күнгі сағат 20:30-дағы жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою бойынша іс шаралар жалғасуда. Өңірде барлық шағын өзендерде су деңгейінің тұрақты төмендеуі байқалады. Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 12 см-ге төмендеді.

«Облыстағы жағдай тұрақтанып келеді. Тасқала, Зеленов, Теректі аудандарындағы елді мекендердегі су астында қалған ғимараттар мен тұрғын үйлер судан құрғатылды», - делінген ақпаратта.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, тасқын басқан аймақта 8 240 ғимарат су астында қалған, оның 1 094-і тұрғын үй, 7 146-сы саяжайлар. Қазіргі уақытта 1425 саяжай тексерілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Құтқару қызметінің бөлімшелері күндіз-түні кезекшілік режімде жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар