БҚО-да техникалық қамту мен автокөліктерді жөндеу қызметі көлемі 55,6 пайызға өсті

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы он айда техникалық қамту мен автокөліктерді жөндеу қызметі көлемі 965,3 млн. теңгеге жетіп, өткен жылғыдан 55,6 пайызға асып түсті.
None
None

Облыстық статистика департаментінен алынған мәліметке қарағанда, барлық жөндеу қызметі мемлекеттік емес сала үлесіне тиесілі, соның ішінде 52,9 пайызы азаматтардың меншігі болып табылады.

Жыл басынан бері орта кәсіпорындар 187,4 млн. теңгенің (19,4 пайыз), шағындары - 267,0 млн. теңгенің (27,7 пайыз), жеке кәсіпкерлер - 510,9 млн. теңгенің (52,9 пайыз) қызметін көрсетті.

Жөндеу қызметінің 82,3 пайызы - Орал қаласы, 7,2 пайызы - Бөрлі, 2,4 пайызы - Зеленов ауданының кәсіпорындары арқылы көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар