17:35, 01 Сәуір 2019 | GMT +5
БҚО-да тұман түсіп, жел күшейеді
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметі бойынша 2-3 сәуір күндері өңірдің кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.
Оралда да осындай ауа райы орын алып, желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді. Осыған орай БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады.
«Қазіргі кезде төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында күш-құралдар дайындыққа келтіріліп, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық ТЖ департаментінен.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын облыста 20 елді мекенді су басу қаупі сейілмегенін жазған болатынбыз.