БҚО-да «Тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшыларына арналған тұрғын үй салынуда

АЛ. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда «Тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ банкі» АҚ-ның салымшыларына арналған тұрғын үй салынуда.
None
None

Облыстық құрылыс басқармасының әлеуметтік ны­сандар құрылысы бөлімінің бастығы Әнуарбек Мүкеевтің айтуынша, 2011-2013 жылдары өңірде 58,3 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынып, салымшыларға пай­далануға беріледі. Оның ішінде 2011 жылы 5,3 мың шаршы метр, 2012 жылы 23,0 мың шаршы метр, ал 2013 жылы 30 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына арналған құрылыс жұмыстарына республикалық бюджеттен несиеге 5245 млн. теңге қаражат қарастырылған. Оның 2320 млн. теңгесі биылғы жұмыстарға бөлінді. Ал 2925 млн. теңге көлеміндегі қаржы алдағы 2012 жылғы құрылыс жұмыстарын жүргізуге бағытталады. Салымшыларға арналған үй құрылыстарының шапшаң жүруі бұл мақсаттарға бөлінген несиелік қаржының кері қайтарылу белсенділігіне қатысты болмақ.

Қазіргі уақытта БҚО-да тұрғын үй құрылысын салу мен оны тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы өткізу жөніндегі әріптестік туралы облыс әкімдігі мен аталмыш банк арасында келісімшарт жасалған. Орал қаласындағы Астана шағынауданында бой көтеретін №1 бес қабатты 90 пәтерлік тұрғын үй құрылысын «Болашақ Т» ЖШС салуды бастады. Мердігер бұл нысанды ағымдағы жылдың аяғына таман тапсыруды жоспарлап отыр. Өзге үш 90 пәтерлік №6, 7, 8 тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын «Әлім» ЖШС, «Алтим» ЖШС және «Домостроитель» ӨК компаниялары жүргізеді. Үш үйдің құрылысы алдағы жылы сәуір айына бітеді деп көзделген.

Соңғы жаңалықтар