17:03, 18 Тамыз 2010 | GMT +5
БҚО-да тұрғын үйге жай түсіп, адамдар баспанасыз қалды
ОРАЛ. Тамыздың 18-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Теректі ауданы Ақжайық ауылында тұрғын үйге жай түсіп, адамдар баспанасыз қалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Найзағайдан үй қабырғалары жарылып, тұрмыстық техникалар істен шыққан. Абырой болғанда, адамдар аман. Сонымен қатар найзағай түскен көшедегі жиырмаға жуық үйдің телефондары мен тоңазытқыштары да жарамсыз болған. Қазір үйіне жасын түскен Жәдігер Қошқаровтың отбасы ағайын-тумаларын паналауда.
Ауыл әкімі Мақсот Әкім аталмыш үйді жөндетуге көмек берілетінін айтты.